2008-2013 жылдарға арналған Қазақстан Республикасындағы өңірді дамыту инновациялық бағдарламалары
2008-2013 жылдарға арналған Қазақстан Республикасындағы өңірді дамыту инновациялық бағдарламаларына сәйкес, Балқаш өңірінде кен байыту өнеркәсіптерінің өндірісінде қалдықтарды қайта өңдеу бойынша объектілерді пайдалану ұйымдастырылды және шығарылды; «Сары Қазына» ЖШС, «IRONCJNCENTRATCOMPANYLTD» ЖШС және «PROFILEX» ЖШС кен байыту фабрикасы құрылды.
«Сары Қазына» ЖШС - 2008 жылы Қоңырат кен орны өндірісінен тау жыныстарының қалдықтарынан мысты ұсақтау технологиясын және селективті экстраттын электролиздеу кішігірім зауотын іске қосты. Тәжірбиелі өндіріс 2011 жылы катод мысының өндірісі бойынша завоттың құрылысы сәтті аяқталған болатын. Өткен 2013 жылы «Қоңырат мыс компаниясы» ЖШС иесі болып табылатын катод мысын өндіруші зауот жылына қуаттылығы 10 000 тонна катод мысының жобасына орындауда. 2014 жылы кәсіпорын батыс жыныстар өндірісін іске тарту есебімен 15 000 тоннаға дейін мыс өндірісін кеңейтуді жоспарлауда.
«IRONCONCENTRATCOMPANYLTO» ЖШС – магнитті сепарациясы әдісімен Балқаш кен-байыту фабрикаларының темір концентраты қалдықтары өндірісі бойынша темір концентратын өндіруші кәсіпорын 2013 жылғы қыркүйекте іске қосылды. Кәсіпорынның жобалық жылдық өндірістік қуаттылығы жылына 60 мың тонна темрі концентратын құрайды. Құрылысты инвестициялауға тартылған қаражаттың көлемі 510миллион теңгені құрайды, 76 жаңа жұмыс орны құрылды. 2013 жылы 20 мың тонна темір концентраты шығарды. 2014 жылы кәсіпорын жобалық қуатқа көшуді жоспарлауда. «IRONCONCENTRATCOMPANYLTO» ЖШС-нің басшылығының алдында қорғасын зауоты құрылысының мәселесі тұр.
Өңірде кен байыту фабрикасының құрлысы және «PROFILEX» ЖШС кәсіпорының металлургиялық өндіріс қалдықтарынан (қоқыстардан) катод мысын шығару бойынша гидрометаллургиялық цехін іске қосу бойынша жұмыстар жалғасуда.
Барлық көрсетілген объектілер аса қауіпті өндірістік объектілерге жатады және Балқаш қаласы Төтенше жағдайлар жөніндегі басқарманың Сала аралық бақылауында. Жоғарыда аталған объектілердің құрылысы және пайдалануға іске қосуда. Балқаш өңірі Қазақстан Республикасының «Жасыл экономикасының» дамуына өзінің қолдан келер бар күшін салуда. Бұл нақты практикалық істердің бағдарламасы күннен күн өткен сайын жылдан жылға елімізді жақсартуға және балқаштықтардың өмірін одан сайын көтере түспек.
27 тамыз 2013 ж.
27 тамыз 2013 ж. — Балхаш қаласының (Қарағанды облысы) зауытында жаңа жоғары техникалық шешімдерді қолдана отырып дайындалған темір концентратының бірінші топтамасы шығарылды. Қазақстан үшін бірегей өнім сертификаттаудан өтуде және шетелдік сатып алушыларға да жіберілген.
ҚР жеделдетілген индустриалды-инновациялық дамыту (ЖИИД) бойынша бағдарламалар, сондай-ақ моноқалаларды дамыту бағдарламалары шеңберінде 2013 ж. 3 шілде Балхаш қаласында «Iron Concentrate Company» (ICC) ЖШС Қазақстандық компаниясы Қазақстан үшін бірегей темір концентратын өндіретін зауыт ашты. Жаңа өндірісте темір концентраты дәстүрлі үдеріс кезіндегідей кеннен емес, мысты алғаннан кейінгі қалатын Балхаш байыту фабрикасының ысырылып қалған қалдықтарынан (қалдық) өндіріледі. Жақын арада ғана осындай азған жынысты өңдеу залалды болушы еді. Алайда өндірістің экологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз ететін электромагнитті бөліну әдісі бойынша технологияны жетілдіру, қазіргі заманғы жабдықтарды құру алдағы металлургия қажеттіліктеріне пайдалануға болатын 60% темірлі концентратты алуға мүмкіндік береді.
«Iron Concentrate Company» ЖШС Бас директоры Платон Каскин атап кеткендей, «жылдың соңына дейін біздің зауыт сапа стандартының барлық талабына сәйкес келетін 25 мың тонна темір концентратын шығарады – қазіргі кезде біздің өнім сертификация үдерісінен өтуде. Біз 2014 жылдың басында зауыт 72 мың тонна жобалық күшке шығатынына сенімдіміз».
Зауытты құру «Қазақмыс» корпорация өнеркәсібінде күрделі қазіргі заманғы жабдықтармен жұмыс істеуді үйренген 74 жұмысшы мен қызметкерлерге жұмыс орнын беруге жағдай туғызды. Жобаның бас меңгерушісі Павел Нечипоренконың айтуы бойынша, «біз үшін жобаға мемлекет тарапынан қолдау жасау, сондай-ақ қалдықты кешенді қайта өңдеу секілді бүгінгі күні өзекті тау-байыту қызметінің осындай түрін кәсіпқой сияқты бізге сеніп тапсырған «Қазақмыс» Корпорациясымен стратегиялық серіктестікті құру жетістіктің аса маңызды факторы болды. Мұқият қайта өңдеу барлығына пайда әкеледі: өндірістің жаңа, «жасыл» түрін игерген кәсіпорындарға, мемлекетіміздің экономикасына, Қазақстанның қоршаған ортасына, және біз қойылған мақсатты жүзеге асыра алудамыз».
Зауыттың өндірістік күшін орналастыру үшін Балхаш байыту фабрикасының бірнеше ғимаратына толық қайта құру жұмыстары жүргізілді, қазіргі заманғы жоғары технологиялық жабдықтар құрылды және темір концентратын өндіретін, сақтайтын және жөнелтетін толық цикл салынды. Бұл инновациялық өнімнің сатып алушылары да бар: қазақстандық өнімді сатып алуда қытай өнеркәсібі Баостил Групп Синьцзянь Баи Сталь Лтд қызығушылығын білдірді. Бірінші қазақстандық темір концентартының сынамалық топтамасы қытайлық серіктестерге жіберілуге дайын. Ал ішкіқазақстандық өткізу нарығында "АрселорМиттал Темиртау» АҚ осы темір концентратының тұтынушысы бола алады.
Балхаш экономикасының дамуының басты оқиғасы индустрияландыру картасына қосқан «ICC»ЖШС кәсіпорын
Балхаш экономикасының дамуының басты оқиғасы индустрияландыру картасына қосқан «ICC»ЖШС кәсіпорынының ашылуы болды. Зауыттың тағайындауы – темір концентратын шығару. Осы себепті салтанатты ашылу ұйымдастырылып, Балхаш басшысы Нұрлан Аубакиров қызыл лентаны кесті.
«ICC»ЖШС Саяқ және Шатыркүлден шығатын кеннің ысырылып қалған қалдық флотациясынан темір концентратын шығарумен айналысады, оның күші жылына 60% темірлі 72 000 тонна концентратты құрайды. Өнеркәсіпте 65 жұмыс орны бар, жобының құны 510 млн. теңгені құрайды. Бұл зауыттың бірегейлігі мыс кенінің байыту негізгі үдерісін тоқтатпай, фабриканың байыту жұмыстарына өндіріс технологиясын енгізе алды.
Жеке зейінді экологиялық талап мәселелеріне бөлді, өндіріс бастытығы Олег Медведевтің айтуы бойынша, бұл мезет ерекше мұқияттылықпен қарастырылды, концентрат сусымалы, сондықтан қоршаған ортаға оның зиянды әсерін азайту үшін шаралар қолданылды.
Өнеркәсіп толық іске қосылды және дайын өнім қоймасына темір концентраты үздіксіз келіп түсуде.